Диспансерлеу кабинеті

Емханада 2015 жылдың 3 тамызында пилоттық жобаның шеңберінде диспансерлік кабинет ашылды.
Кабинеттің қызметкерлері: терапевт дәрігер Логинова Екатерина Михайловна
4 жалпы тәжірибелік мейірбикелер:
- Бекбосынова Маржан Турсыновна
- Алдаберген Жанерке Бахытовна
- Тарасова Анастасия Сергеевна
- Куртбаева Ризалят Амановна (№3 ОДО)
Ал 2015 жылдың 2 желтоқсанында Ержанов көшесі, 4 мекен-жайда орналасқан №3 ОДО диспансерлік кабинеті ашылды.
Диспансерлеу кабинетінің мақсаты: созылмалы ауру түрлерімен ауыратын науқастарды диспансерлеу сапасын жақсарту (ересектер мен 5 жастан жоғары балалардың), ауруды ерте уақытта анықтау, ауруды ушықтырмау, өлім-жітімді және мүгедектікті азайту, өмір сүру сапалығын арттыруға .
Алдымен кабинеттің мейіргері емделушілердің өздерінің ыңғайлы уақыттарын таңдап, емханаға келулерін сұрайды. Сондай-ақ емделушілердің диагноздары бойынша жеке маршруттық парақтар дайындайды. Диспансерлік науқастарды электрондық есепке алады. Қазіргі уақытта диспансерлік есепке 8320 науқас есепке алынды.
Байланыс телефоны: 33-74-45
