Қарағанды қаласының №1 қалалық емханасына Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылауды ұйымдастыруға бағытталған ауқымды жобаны іске асыру мақсатында келді.
2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының №1 қалалық емханасында созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ауқымды жоба жүзеге асырылып келеді. Оның ішінде қан айналымы жүйесінің аурулары (ҚЖА) да бар, олар барлық созылмалы патология жағдайларының 70%-ына дейінін құрайды.
Жобаның негізгі мақсаты – ҚЖА-ның алдын алу, сырқаттанушылықты, мүгедектік пен өлім-жітімді төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу.
Осылайша, динамикалық бақылау орталығы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды буынына айналып, созылмалы аурулары бар науқастарды дер кезінде анықтауды және кешенді қолдауды қамтамасыз етуде, сонымен бірге халықтың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартуда нақты нәтижелер көрсетіп отыр.
Кездесу барысында емхана базасында құрылған Динамикалық бақылау орталығының негізгі жұмыс бағыттары таныстырылды. Негізгі назар науқастарды медициналық қолдаудың сапасын арттыру, созылмалы аурулардың асқынуын төмендету және денсаулық жағдайын мониторингтеудің заманауи тәсілдерін енгізу мәселелеріне аударылды.
Шараға Қарағанды облысының емханаларының директорлары шақырылды. Талқылау барысында олар өзара әрекеттесудің жаңа тетіктерімен, процестерді цифрландыру мүмкіндіктерімен және пациенттерді тиімді бағыттау жүйесін ұйымдастырумен танысты.
Жобаны іске асыру диспансерлік бақылау жүйесін жаңа деңгейге шығаруға, созылмалы ауруларға уақтылы диагностикалауды, бақылауды және профилактиканы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өңір халқының өмір сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді.